Түркістанда автогазға ұзын-сонар кезек пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда автогазға ұзын-сонар кезек пайда болды

27.07.2023

Павлодар облысында бензин қат болса, Түркістанда автогаз тапшы. Бекеттердің дені талон талап етеді, енді бірі шектеумен беріп жатыр. Кейбірінде отын атымен жоқ. Салдарынан көлік жүргізушілері бірнеше күннен бері әбігерге түскен. Түнгі уақытта сатса, ұзын-сонар кезекке тұрамыз дейді олар. Автогаздың тапшы екенін бекет қызметкерлері де мойындап отыр.

Әбдішүкір Тәліпов, жүргізуші:

Кейбір жерлерге барасың, газ болады. Талоның бар ма деп сұрайды. Мен қайдан алам талонды, мысалы. Мен еш жерде жұмыс істемеймін.

Қалыбай Қағаев, газ құю стансасының қызметкері:

Әкелмей тоқтап тұрғанына төрт күн болды. Басқа жаққа жеткізе алмай жатыр ма, сондай ғой.
Неше күн болды құймай жатқандарыңызға?
4-5 күн болап қалды. Келгендерді газ жоқ деп қайтарып жатырмыз.

Ал өңірдің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы сұйытылған мұнай газына тапшылық жоқ дейді. Олардың мәліметінше, облыста 317 газ құю станциясы бар. Аймақтың ай сайынғы қажеттілігі 12-13 мың тонна. Қазір газдың 1 литрі 64-69 теңгеден саудаланып жатыр дейді мамандар.

Роза Сариева, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:

Мың тонна бізде бар. Газды біз «PetroKazakhstan Products Oil» ЖШС-нен аламыз. Он күн газ тарату кішкене тоқтатылған он күнге. Қазіргі кезде газ баяу беріліп жатыр.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу