Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын дамыту үшін ауқымды құрылыс басталды. Әсіресе шаһардың сол жағалауын көркейтуге басымдық берілмек. Бірінші кезекте Тарбағатай, Лермонтов, Молдағалиев көшелеріндегі жеке сектор орнына жаңа тұрғын үйлер мен заманауи нысандар бой көтереді. Қазір 42 жер үй сүрілген. Ол жерге 1200 орындық мектеп салынып жатыр. Біртіндеп қаланың сол жағалауындағы Цементшілер кенті мен 14-ші,15-ші тұрғын аудандарда ауқымды жұмыс басталады. 500-ге жуық жекеменшік үй сүріліп, 712 мың шаршы метрден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтермек.
Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының әкімі:
Көпқабатты үйлер салынады, мектеп салынады. Және де біз қазір концерт залын салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол үлкен жоба. Ол үшін біз жұмыстарды жүргізу керекпіз. Сүрілетін үйлер өте көп. Ол үшін көптеген қаражат керек. Бір жылда ол бола қоймайды. Айтып кету керек. Көп жылға арналған жоба болады.
Ержан Жақып