Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді

27.07.2023


Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді. Жиында инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру жайы қаралды. 2005 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті бір жарым мыңға жуық келісімшартқа қол қойған. Оның 216-сы бойынша грант түрінде жер берілген және 37 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Нәтижесінде 2,2 трлн теңге қаражат тартылып, қызмет көрсету саласында 125 келісімшарт жасалды.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу