Электросамокатпен жүруге арналған арнайы ереженің үлгісі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электросамокатпен жүруге арналған арнайы ереженің үлгісі жарияланды

28.07.2023

Электросамокатпен жүруге арналған арнайы ереженің үлгісі жарияланды. Тиісті құжатты Ішкі министрлігі әзірлеген. Енді транспорттың бұл түрін пайдаланушылар рульді екі қолмен де ұстауға міндеттеледі. Самокатпен ауыр жүкті немесе тағы бір адамды тасымалдауға тиым салынады. Жаяу жүргіншілер жолағымен жүріп өтуге болмайды. Құжат 9 тамызда қоғамдық талқылауға салынады. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу