Маңғыстауда 76 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 76 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды

28.07.2023

Маңғыстауда 76 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 3 жыл бойы білім ошағының шотынан өзінің жалақысына артық ақша аударып отырған. Тергеу барысында есепші кінәсін толықтай мойындады. Енді ол жазасын темір торда өтейді. 5 жылдай материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу