Алматыда науқастардың ВИЧ жұқтыру дерегіне қатысы бар дәрігер жұмыстан шеттетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда науқастардың ВИЧ жұқтыру дерегіне қатысы бар дәрігер жұмыстан шеттетілді

28.07.2023

Алматыда қалалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев жұмыстан шеттетілді. Ол маусым айында емдеу орнындағы науқастардың ВИЧ жұқтыру дерегіне қатысы бар деп танылған еді. Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс нәтижесін жариялады. Үш бірдей пациенттің қауіпті дертті жұқтыруына адами фактор себеп болған. Яғни, медицина қызметкерлері санитарлық-эпедимиологиялық нормаларды бұзған. Қазіргі таңда вирус анықталған барлық пациенттер арнайы орталықта диспансерлік есепке қойылған. Оларға бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медицианлық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Иран Шәметеков, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Комиссияның қорытындылары негізінде, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының алты тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ бас дәрігердің эпидемиология жөніндегі орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі жұмыстан шығарылды.

Жазира Ораз

Хабарламаларға жазылу