Жетісу облысындағы Қаратал өзені арнасынан заңсыз қиыршық тас қазушылар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы Қаратал өзені арнасынан заңсыз қиыршық тас қазушылар көбейді

28.07.2023

Жетісу облысындағы Қаратал өзені арнасынан заңсыз қиыршық тас пен құм қазушылар көбейді. Оңай олжаға кенелгісі келетіндер қоршаған ортаға зиянын тигізіп, экологиялық нұқсан келтіруде. Құзырлы органдар дабыл қағып, заңсыздықтың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар өткізуді қолға алды. Жүк көліктерін тоқтатып, ондағы тиелген құрылыс материалдардың заңдылығын тексерді. Рейд басталғалы 10-ға жуық табиғат заңнамаларын бұзу дерегі тіркеліп, материалдар жергілікті полицияның тергеп-тексеруіне жіберілді. Өңірдегі құрылыс материалдар нарығында құм тиелген бір жүк көлігінің құны 60-80 мың теңге аралығында. Ал олардың табиғатқа келтіретін нұқсаны одан бірнеше есе жоғары дейді прокуратура қызметкерлері.

Әділет Әлімқұлов, Қаратал аудандық Прокуратурасының прокуроры:

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Instagram желілерінде және жергілікті халықтың арыз-шағымы бойынша анықталып жатыр. Өйткені өздеріңізге белгілі үлкен Hova жүк көліктері тек қана табиғатқа өздерінің зияндарын тигізіп қана қоймай күнделікті ауылдағы жолдардың сапасын бұзып жатыр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу