Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, автобуста Қазақстан азаматтары да болған. Зардап шеккен 12 отандасымыздың екеуінің жағдайы орташа ауыр. Жалпы оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды. Олар Түркия және Украина азамттары. Оқиғаның барысы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын білу үшін консул аталған өңірге шұғыл түрде жолға шығып, мән-жайды анықтауда.
Самал Қабышева