БҚО-да аса қауіпті аурулардың алдын алуға 2,7 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да аса қауіпті аурулардың алдын алуға 2,7 млрд теңге бөлінді

31.07.2023

Батыс Қазақстан облысында төрт түлік пен жайылымдарды дәрілеу жұмыстарына 2,7 млрд теңге бөлінді. Өйткені өңірде жыл басынан бері аса қауіпті аурулардың үш бірдей ошағы анықталды. Оның ішінде Оралда құтыру ауруының екі дерегі, Тасқалы ауданында жылқылардың сары ауру жұқпасы тіркелген. Барлық ошақтарда ветеринариялық шаралардың толық кешені жүргізілді. Ал былтыр аймақта аса қауіпті аурулардың 14 ошағы тіркелген болатын. 


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу