Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуының зор әлеуеті бар. Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев қос елдің кәсіпкерлері қатысатын бизнес-форум жөніндегі брифингте мәлімдеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларына жетті. Алдағы жылдары біз бұл көрсеткішті 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарланған. 3-тамызда Астанаға Ауғанстанның сауда министрі Нұриддин Азизи бастаған 200-ден астам делегация келеді деп күтілуде. Қайрат Төребаевтың айтуынша, халықаралық талап бойынша делегация мүшелеріне ешқандай шектеу қойылмаған.
Қайрат Төребаев, Сауда және интеграция министрінің орынбасары:
Олар бизнестің, ірі энергетикалық, телекоммуникациялық компаниялардың өкілдері, Орталық банктің және бірқатар жеке банктердің өкілдері, кілем, сусындар, асыл тас өндірушілері және тағы басқалар. Ауған делегациясының барлық мүшелері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциялық тізімдеріне кірмейтінін және тиісінше оларға қандай да бір шектеу шараларын қолдануға болмайтынын бірден атап өтемін.
Серік Селеубай