Елімізде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлейтіндер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлейтіндер көбейді

31.07.2023

Елімізде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлейтіндер көбейді. Жыл басынан бері 1 млн 600 мың көлік жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін төлем жасаған. Ал былтыр осы уақытта айыппұл көлемі бұдан 3,5 есе аз еді.

Data Hub сараптамалық орталығының зерттеуіне сүйенсек, бұл соңғы 10 жылда болмаған көрсеткіш. Жол ережесін бұзатындардың көбеюінен айыппұл мөлшері артып отыр. Бір жыл ішінде ол 12 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оған әрине, орташа айыппұл мөлшерінің 13 мың теңгеге дейін өсуі де себеп болып отыр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу