Тамызда қазақстандықтардың тұрмысында не өзгереді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамызда қазақстандықтардың тұрмысында не өзгереді?

01.08.2023

1 тамыздан бастап, яғни бүгін бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау аяқталады. Министрліктің мәліметінше, 15 маусымға дейін 250 мыңға жуық баланың құжатын мектепке қабылдау жөнінде өтініш түскен. Ол балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Сондай-ақ самокат пен мопедке қатысты енгізілген өзгерістер 30 тамызда күшіне енеді. Бұдан бұлай бұл қозғалыс құралын тізгіндегендер арнайы бас киімді кимесе 3 АЕК көлемінде яғни, 10 мың теңге шамасында айыппұл төлейді. Сондай-ақ көлік қатынайтын жолда самокатпен кез келген адам жүре алмайды. Тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар адам ғана жолдың оң жақ шетімен жүруге құқылы болады.  

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу