Пәкістандағы шабуылды «Даиш» тобы жасағаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістандағы шабуылды «Даиш» тобы жасағаны белгілі болды

01.08.2023

«Даиш» тобының ауғанстандық бөлімшесі Пәкістанда 54 адамның өмірін қиған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Экстремистік ұйым бұл туралы мәлімдемені өзінің веб-сайтында жариялады. «Даиш» пәкістандық тәліптерді исламға қарсы демократиялық формаға көшті деп айыптаған.

Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні тәліптерге жақтас исламшыл партия Ауғанстанмен шекаралас Баджур қаласында сайлауалды митингін өткізді. Сол акция кезінде бомба жарылып, 54 адам қаза тауып, 200-ге жуығы жараланды. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу