Бүгіннен бастап елімізде ұялы байланыс тарифтерінің құны өзгерді. Операторлар тариф бағасының өсетіні туралы СМС хабарлама жолдаған. Мұны олар инфрақұрылымға жұмсалатын шығынның көбеюі, жаңа технологияның іске қосылуы және логистикалық қиындықтармен байланыстырды. Сондай-ақ тамыздан бастап Астана әуежайының автотұрақ тарифі екі есе өсті. 15 минут тегін аялдауға болатын жолаққа бір тәулікте үш рет немесе одан да көп кірген жағдайда қосымша 300 теңгеден төленеді. Бұл коммуналдық тарифтердің көтерілуімен байланысты. Сондай-ақ бүгін жылу тарифінің бағасы қымбаттады. Ұлттық банк бағаны әр өңірдегі жылыту орталықтарының техникалық мүмкіндігіне қарай бекітіп жатыр. Орта есеппен 2 бөлмелі пәтер үшін 1620 теңгеге, яғни 20 пайызға өседі деген болжам бар. Сонымен бірге, тамыздың соңында ереже бұзған самокатшыларға айыппұл салынады. Енді самокат жүргізушісі 18 жасқа толған әрі қолында жүргізуші куәлігі болуы шарт. Тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Айя Мүтәлі