Қарағанды облысында ерекше балалар уланды. 1 бала қайтыс болды. 6 бала жансақтау бөлімінде. Ал олардың неден уланғанын мамандар анықтай алмай жатыр. Мекеме басшысынан бастап, 12 дәрігегер жұмыстан босатылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, прокурорлар тергеуді бастады. Өңірге денсаулық сақтау министрі мен бір топ жетекші мамандар барды. Оқиға орнынан Асима Нұрбайқызы.
14 бала уланып, бір бала көз жұмған, тағы алтауы ауыр жағдайда жатқан ерекше балаларға арналған орталықтың есігі бүгін тарс жабық. Журналистер түгілі, ата-аналардың өзін жолатар емес.
Оқиға 3 күн бұрын болған. Бірақ жедел-жәрдем бүгін де келді. Тағы екі баланың іші ауырған. Оларды да ауруғанаға алып кетті.
Ал қайтыс болған баланың есімі – Әділ. 13 жаста. Ол бірінші ауырған екі жеткіншектің бірі. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін 8 сағаттан соң көз жұмған.
Тағы алты баланың өмірімен дәрігерлер арпалысып жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр. Барлығы 11-17 жастағы ер бала. Бір топта болған. Жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Астанадан қосымша жетекші мамандар жетті. Айта кетейін, уланған балалардың 4-інде ата-анасы бар, тағы төртеуі тастанды, алты бала – жетім.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Балаларының қалай, неден уланғанын ата-аналар біле алмай дал. Қызметкерлердің салғыртттығынан болуы мүмкін дегенді алға тартады. Су берудің орнына басқа сұйықтықты шатастырып алған дегенді де айтып қалды.
Әсел – сал ауруына шалдыққан егіз баланың анасы. Екеуін орталыққа екі апта әкелген. Бірақ, осыған дейінгі сұмдық жағдайды көргеннен кейін балаларын мекемеден алып кеткен.
Әсел, қала тұрғыны:
Өзім ішке кіргенде қаншама баланың қолдары байланып теледидар көріп отырғандарын көрдім. Орталықта балаларға ешкім қарамайды. Балам барып жүргеннің өзінде күнде жылайтын.
Бұл орталықта ерекше балалар тұрады. Бәрінің диагнозы ауыр. Ақыл-есі кем. Қазір ерекше күтімді қажет ететін 160 бала бар. Ал жеткіншектердің жаппай неден уланғанын дәрігерлердің өзі анықтай алмай жатыр. Бірақ, сұйықтық ішіп қойғандары немесе сыртта шөп жегендері жайлы нұсқаны да елдің бас дәрігері жоққа шығарған жоқ.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Әзірге мекеме карантинге жабылмайды. Ал оқиға болған кезде мекеме директоры еңбек демалысында болған. Бірақ жазадан құтылмайды.
Әсем Жүніспекова, Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Жаппай улануға жол бергендер жазадан құтылмайды. Мына биік қоршаудың ішінде не болып жатқанын енді прокурорлар майшаммен қарамақ. Қазір мекеме директоры, орынбасары және 12 дәгігер жұмыстан қуылды. Ал зертханада қорытындысы кемі екі аптадан кейін ғана белгілі болмақ.
Асима Нұрбайқызы