Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге қайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге қайтады

01.08.2023

Түркияда ірі жол апатына түсіп, емделіп жатқан 11 қазақстандықтың алтауы емханадан шығарылды. Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Тағы 5 азамат дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ал қайтыс болған отандасымыздың денесі тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін елге жеткізіледі. Түркияға демалуға барып, опат болған Кенже Мұңайтпасұлы соңғы бес жылда Маңғыстау облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі болған. Қазақстандық дипломаттар марқұмның жақындарына қажетті көмек көрсетіп жатқандарын хабарлады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу