Ақмола облысында адам ағзасына зиян балықтар саудаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында адам ағзасына зиян балықтар саудаланған

02.08.2023

Ақмола облысында екі бірдей су айдыны балық шаруашылығына жарамсыз болып шықты. Облыс орталығының іргесінде орналасқан тоғандарға жылдар бойы шаруашылық және өндірістік қалдықтар жиналып келген. Дегенмен, бұған қарамастан су қоймаларына заңсыз ау салу тыйылмай тұр. Браконьерлер адам ағзасына қаупі бар балықтарды сауда орындарына шығарып, пайда тапқан. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандарының мәліметінше, жыл басынан бері дәл осындай 25 дерек тіркелді. Заңсыз балық аулағандардың барлығына әкімшілік айыппұл салынды.

Қанат Ысқақов, Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

Судың да, балықтың да микробиологиялық құрамы бойынша сәйкессіздік анықталды. Судың құрамында аммиак, нитраттар бар. Олар балықпен қатар адамның ағзасына да кері әсер етеді. Бұдан бөлек лактоза бактериялары анықталып отыр. Олар да ағзаға түскенде адамның улануы әбден мүмкін.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу