Бейжіңнің «Дасин» халықаралық әуежайын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңнің «Дасин» халықаралық әуежайын су басты

02.08.2023

Қытай астанасы Бейжіңнің «Дасин» халықаралық әуежайын су басып, 300 ден астам рейс ұшпай қалды.

Бұған бірнеше күннен бері толастамаған жауын себеп болды. Соңғы күндері Бейжіңге түскен жаңбырдың мөлшері 2012 жылғы деңгейден де асып кеткен. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, табиғат апатынан 21 адам қаза тауып, 27-сі жоғалып кетті. Елдің солтүстігі де жауын-шашын мен тасқыннан зардап шекті. 850 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу