«QazaqGaz» қызметкерлері «Stop ДТП» акциясы аясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QazaqGaz» қызметкерлері «Stop ДТП» акциясы аясына қатысты

02.08.2023

Бүгін «QazaqGaz» ұлттық компаниясының қызметкерлері арнайы тренажердың көмегімен жол апатының имитациясын жасап көрді . Ерекше шара «Stop ДТП» акциясы аясында ұйымдастырылған. Компания басшылығының айтуынша, бұл елді-мекендер арасында қызмет барысында жиі қатынайтын мамандар үшін өте маңызды. Себебі, имитаторға отырған адам көліктегі қауіпсіздік белдігінің маңызды екеніне көз жеткізеді. 

Бұл «QazaqGaz» ұлттық компаниясының қызметкерлері. Олар кеңсе ауласындағы арнайы орында медициналық тексерістен өтіп жатыр. Себебі, қазір жол-көлік оқиғасының иммитациясын жасайтын құрылғыға отырады. Шара жол апаттарының алдын алуға бағытталған.

Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:

Самұрық-Қазына қорының ең басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы. Сол себептен біз әрдайым еңбек қауіпсіздігі, өндіріс қауіпсіздігі Самұрық Қазына қорының басқарма төрағасының аса назарында. Сол себептен біз әрдайым осындай әр түрлі құрал-жабдықтарды тәжірибе ретінде, болмаса өндіріс ретінде енгізуге дайынбыз.

Тренажер сағатына 12 шақырым жылдамдықпен келіп кедергіге соғылады. Бұған шыдау қауіпсіздік белдік тағып отырған адамның өзіне оңай емес. Яғни, осылайша жол апаты кезінде жүргізішінің қандай күйде болатынын түсінуге болады.

Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» Ұк» АҚ Басқарма Төрағасы:

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы мемлекет бойынша үлкен шаралар өткізеді. Самұрық-Қазына ұлттық қорымен бірлесе. «Stop ДТП» атты үлкен компаниясын өткізіп жатыр. Осыған дейін бұл кампания Қостанай, Атырау, Ақтау, Ақтөбе қалаларында өтті. Басқа қалаларда да жалғасын табады.

Портфельдік компаниялардың 700-ден астам қызметкері имитаторға отырып көрді. Іс-шара биылғы өндірістік қауіпсіздігі жоспарына енген. Себебі QazaqGaz мамандары қызметтік міндетін орындау барысында елді-мекендер арасында жиі жол жүреді. Сондықтан осындай профилактикалық шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу