Қазақстан бензин мен дизельді автокөлікпен экспорттауға тыйым салу мерзімін тағы ұзартты. Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ел аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Құжатта жанар-жағармайды, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу 6 айға ұзартылған. Ішкі істер министрлігі өндіруші зауыт ұсынған стандарттарға сәйкес келмейтін газ цистерналарындағы бензин мен дизельдік отынның экспортына жол бермеуге ықпал ететін болады. Бірлескен бұйрық 14 тамыздан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, мұндай шектеу биыл қаңтарда енгізілген болатын.