Жамбыл облысында өртеніп жатқан құрғақ шөптің аумағы ұлғаюда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында өртеніп жатқан құрғақ шөптің аумағы ұлғаюда

04.08.2023

Жамбыл облысының Мерке ауданында өртеніп жатқан құрғақ шөптің аумағы ұлғаюда. Соңғы ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын 300 гектар жерді шарпыған. Оны сөндіруге 300-ге жуық адам жұмылдырылған. 35 техника, 2 ұшақ пен 1 тікұшақ жөнелтілген. 13 рет әуеден 20 тонна шамасында су шашылды. Өрт Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан орман аумағының таулы аймағында тіркелген.

Жамбыл облысының төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында өртті сөндіруді жалғастыруда.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу