Ресей президенті шенеуніктерге отандық көлікке отыруға бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей президенті шенеуніктерге отандық көлікке отыруға бұйрық берді

04.08.2023

Ресей президенті шенеуніктерге отандық көлікке отыруға бұйрық берді. Мұндай мәлімдемені ол елдің индустрия және сауда министрімен және өнеркәсіптік холдингтердің жетекшілерімен өткен кездесуде жасады. Кремль басшысының сөзінше, мұндай шешім ресейлік брендтерді дамытуға септігін тигізеді. Алайда қандай маркадағы автокөлікке ауысуы қажеттігін нақтылап айтқан жоқ.

Мәскеу Украинаға әскер кіргізгеннен кейін Ресейде жылына зауыттан шығатын көліктер саны 1 миллион 400 мыңнан 450 мыңға дейін азайды. Есесіне елдің автонарығында Қытайдан импортталған машиналардың үлесі 49 пайызға жетіп отыр. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу