Куба астанасы Гаванада классикалық автомобильдер, мопедтер және рикшалардың арасында жаңа көліктер пайда болды. Олар бамбук ағашынан жасалған велосипедтер.
Экологиялық таза велосипедтерді жергілікті шеберханалар құрастырып жатыр. Бұл жұмысқа құлағы естімейтін адамдар мен үй шаруашылығындағы әйелдер тартылған.
«Қырғи-қабақ» соғыс жылдарында Куба, Америка Құрама Штаттарының санкциясына алынды. Сондықтан бұл аралға шетелден көлік импорттау оңай емес. Сол халықаралық эмбарго, кубарлықтарды өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қытайдан әкеліне бастаған мопедтер мен ескі үлгідегі машиналарды қолдануға мәжбүрлеп отыр.
Арыстан Рысбек