Түркияда күн 45 градусқа дейін ысыды. Мамандар алдағы аптада да осындай ыстықтар жалғасады деген болжам жасап отыр. Қатты ыстыққа шыдамаған тұрғындар көлдер мен теңіздерге шомылуға асықты. Жағажайлар мен қаладағы хауыздарда қарақұрым халық. Сондай-ақ күн райына байланысты тұрғын үйлерде су қолдану мөлшері де күрт артқан. Осының кесірінен тоғандарда су деңгейі төмендеп кеткен. Мамандар тіпті кей су қоймаларында 10 пайыз ғана су қалды деп дабыл қағып отыр.
Гүнсели Өзгүл, Ыстамбұл метрологиялық орталығының бөлім басшысы:
Биылғы жазда ауа температурасы осы маусымдағы қалыпты нормасынан жоғары болып тұр. Алдағы күндері күн тағы да ысып, қалыпты жағдайдан 7-9 градусқа дейін артады деген болжам бар. Ыстамбұлда алдағы күндері орташа температура 36-39 градус шамасында болады.
Айдос Әшімұлы