Елдегі АИ-95 маркалы бензиннің қоры толықтырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі АИ-95 маркалы бензиннің қоры толықтырылады

04.08.2023

Бүгін Энергетика министрі елдегі АИ-95 бензині тапшылығының себебін түсіндірді. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарына уақытша тоқтаған. Сондықтан жанармайдың бұл түрін өндіру көлемі азайды. Десе де өнім мүлдем жоқ деуге болмайды дейді министр. Қазір АИ-95-тің 15 күнге жететін қоры бар. Әрі ол аз-аздан толықтырылып жатқанын айтты. Оның үстіне жетіспеушілкті жою үшін Ресеймен тиісті келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді. Ол жақтан 40 мың тонна жанармайды импорттау көзделген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу