Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында жер сілкінді. Соңғы мәліметке қарағанда, магнитудасы 5,5 баллдық зілзаладан 21 адам жараланып, 126 ғимарат құлаған.
Елдің сейсмикалық желілер орталығының дерегінше, апат ошағы Дечжоу қаласының Пинюань уезінде 10 шақырым тереңдікте анықталды.
«Си-си-ти-ви» телеарнасы хабарлағандай, табиғи апатқа байланысты. Бейжің-Шанхай және Бейжің-Ковлон бағыттарында қатынайтын кейбір пойыздар сапарын уақытша тоқтатқан.
Арыстан Рысбек