Солтүстік Қазақстанда қаңғыбас иттер мен мысықтарды чиптеуге облыстық бюдждеттен 53 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір мамандар иесіз жүрген жануарларды стерильдеп, таңбалап жатыр.
Чип - үй жануарларының цифрлық төлқұжаты. Электронды құрылғыда төртаяқтылар және олардың иелері жайында мәлімет жазылып, «Таңба» ақпараттық жүйесінде сақталады. 1 қыркүйектен бастап чип қойдырмаған жануар иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Аманжол Нұртазин, Облыстық ветеринария басқармасының маманы:
Чиптеу әлжуаз топтарға жататын азаматтарға тегін жүргізіледі. 1 мың чип сатып алынған. Ветеринарлық станциялар да бұл қызметті пайдалана алады.
Эльмира Кәленова