2023 жылдың екінші тоқсатында елімізде орташа жалақы 17,1 пайызға өсіп, 365 мың 502 теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросы бір жылда қазақстандықтардың еңбекақысы қалай өзгергенін мәлімдеді.
Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда ақпарат және байланыс саласында орташа жалақы 36 пайызға өскен. Бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Еңбекақы көлік және қойма, орман және балық шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда саласында да өскені байқалады.
Жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыс, тамақтану қызметтерін көрсету, білім беру, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында біршама төмендегені тіркелген. Өңірлер арасында орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелсе, ең төменгі өсімі Түркістан облысында.
Эльмира Кәленова