Теміржол мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Экономиканы де-монополизациялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Мекемелерді бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы келісім сот тарапынан жарамсыз деп танылды. Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталды. Денсаулық сақтау саласында да осындай жағдай орын алып отыр. Жекеменшік компания өзіне жүктелген міндеттерді орындамай келген. Инвестициялық бағдарламалардың шартын бұзған. Әлихан Смайылов барлық өңірлерде осындай жағдайға ұқсас нысандар бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Дарын Сағиов