Түркістан облысында арықтың суын ішіп отырған тұрғындардың мәселесін жауапты министрлік бақылауына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында арықтың суын ішіп отырған тұрғындардың мәселесін жауапты министрлік бақылауына алды

08.08.2023

Өзбекстаннан келетін арықтың суын ауыз су ретінде тұтынып отырған Сарыағаш ауданы тұрғындарының мәселесі жауапты министрліктің бақылауына алынды. Бұл каналдың суы соңғы кезде ішуге мүлде жарамсыз жағдайға жеткенін жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Каналмен өлекселер ағып келуі жиілеген. Жағдайды жан-жақты зерттеу үшін Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан құрылған жұмыс тобы жасақталды. Қазір екі бірдей мекемеде қажетті сынамалар зерттеліп жатыр. Нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілетін болады дейді министрлік өкілі. Әзірше қос тарап ауыз судың сапасын қадағалауға уағдаласқан.

Серік Әбділлаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілі:

Өзбекстандағы біздің әріптестеріміз мүмкіншілігі барынша өз тарапынан шара қолданып, барынша кезекшілікке мамандарын қойып, күндіз-түні бақылайтын болды. Каналы Өзбекстан территориясында болғанмен, Бірақ біздің Қазақстан Республикасының Түркістан филиалына қарасты. Теңгерімінде. Сол себепті біз де сол жақтағы өзіміздің мамандарымызға да тапсырма берілді.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу