Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар нәресте қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар нәресте қайтыс болды

09.08.2023

Павлодар облысында 2 жасар нәресте өртенген үйдің ішінде қалып, көз жұмды. Тағы 5 жастағы бүлдіршінді күйік шалған. Оның жағдайы жақсы. Оқиға Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында болды. Тапа-тал түсте үйдің 80 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Баспанасыз қалған отбасының 7 баласы бар. «Сегізінші баласына жүкті әйел» өрт шыққан кезде аулада болған. Жергілікті әкімдік отбасына көмек көрсетпек.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу