Алматыда наурыздан бері мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда наурыздан бері мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырды

10.08.2023

Алматыда наурыз айынан бері мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырды. Оның басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалып отыр. Мамандар науқаспен байланысқа түскен 15 мыңға жуық адамды анықтап, оларды медициналық бақылауға алған. Ал 300-ге жуық адамға шұғыл екпе салынған. Дәрігерлер, қызылша жұқтырғандардың 90 пайызы екпе салдырмаған деп отыр.

Салтанат Айбосынова , Алматы қаласының штаттан тыс бас инфекционисті:

Қазір уақытта 184 науқас ем қабылдап жатыр, оның 147-сі қалалық жұқпалы балалар ауруханады. Стоционарлық ем қабылдап жатқан науқастардың орташа ауырлықта.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу