Павлодар облысының Екібастұз қаласында шығармашылық үйі салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының Екібастұз қаласында шығармашылық үйі салынады

10.08.2023

Екібастұз қаласында шығармашылық үйі салынады. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Нысанды демеушілер қаржыландырады. Жобаның жүзеге асырылуын қадағалау облыс әкімдігіне тапсырылды. Айта кетейік, күні кеше Президенттің Екібастұздағы халықпен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтініш білдірген болатын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу