Ресей ақшасы соңғы 16 айдағы ең төменгі көрсеткішке дейін әлсіреп, 1 доллар 98 рубльге дейін қымбаттаған. Осылайша, орыс ақшасы өткен жылдың наурызынан бері алғаш рет қатты құнсызданып отыр. Қаржы сарапшылары шетелдік валюталарға сұраныс артып, айырбастау пунктерінде доллар мен еуроның азаюы рубльдің арзандауына себеп болды деп отыр.
Ресей орталық банкі қаржылай тұрақсыздықты жеңілдету үшін шетел ақшасын сатып алуды тоқтататынын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек