Шығыс Қазақстанда тегін заңнамалық кеңес беру қызметі артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тегін заңнамалық кеңес беру қызметі артқан

11.08.2023

«Халыққа заңнамалық кеңес неғұрлым көбірек берілсе қоғамдағы түйткілдер соғұрлым тез шешіледі. Ол үшін әсіресе, жергілікті атқарушы органдар қабылданған қаулы-қарарларды ізін суытпай халыққа таныстыруы шарт»,- деді Өскеменде тұрғындармен кездескен Әділет министрі Азамат Есқараев. Министрдің сөзінше, соңғы 6 айда халыққа тегін құқықтық кеңес беру қызметінің сапасы артқан. Дегенмен жиында тұрғындар нотариаттар мен сот орындаушылардың жұмысына қатысты пікірлерін ашық айтты. Өскемен қаласының тұрғыны Шынар Темірбева ажырасқанына 6 жыл болса да әлі алимент өндіре алмай жүргенін, сот орындаушысының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Шынар Темірбаева, қала тұрғыны:

Ешқандай алимент төленіп жатқан жоқ. Негізгі сома 4 миллионнан астам. Сот орындаушының айтуынша, менің сұрағым жергілікті органдарда қарастырылады деп министр жауап берді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Менің жеке тікелей қадағалауымда болады. Ол кісінің аты-жөні бақылауымда бар. Ол кісінің сұрағы шешілмейінше біз оны бақылаудан алмаймыз.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу