Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

11.08.2023

Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысы 3 млн корей воны көлемінде айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше аталған соманы белгіленген уақытта төлемеген жағдайда 30 күн ішінде жұмыспен өтеуге болады. Еске салайық, наурыздың соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан заңсыз барып, бастары дауға қалған еді.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу