Астанадағы ЖЭО-ның құрылысы аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ЖЭО-ның құрылысы аяқталуға жақын

14.08.2023

Астанадағы жылу электр орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансалары мен үшінші жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Биыл барлық 4 қазандықты кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Бұл елордадағы жылу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Ал жаңа газ жылу стансасының артықшылығы – табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік бар. Газдан басқа, бұл нысандар дизельмен жұмыс істеуге лайықталған.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу