Баянауылда қазақ ақыны және ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті. Ашық аспан астында жүзден астам киіз үй тігіліп, этноауыл бой көтерді. Республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Дүбірлі думанға қатысқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қонақтарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Торайғыров университеті «Мәшһүр жолы» аудиокітабының, 10 томдық «Таңдамалы шығармалар жинағы» атты аудиокітабының тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ мәшһүртанушылардың кездесуі ұйымдастырылды. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қолөнершілердің қатысуымен Халықаралық Орта Азия жәрмеңкесі және суретшілер көрмесі де осы шара аясында өтті.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсеткен еді. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемал адам»,«толық адам» ілімімен, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз.
Дарын Сағитов