Микрокредиттік ұйымдарға талап күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микрокредиттік ұйымдарға талап күшейтілді

16.08.2023

Шағын несие енді оңайлықпен берілмейді. Талап күшейтілді. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, несие ұйымдары жеке тұлғаның айлығын есептеуі тиіс. Егер бұл талапты орындамаса, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Қабылданған бұл шешім 1-шілдеден бастап күшіне енген.

Талғат Жақсылықовтың шағын несие ұйымдарына өкпесі қара қазандай. Осыдан 2 жыл бұрын жұмыс берушіге телефон арқылы жеке куәлігін берген. Кейін белгісіз біреу оның атына несие рәсімдеп жіберген. Алаяқтардың арбауына түскенін дәлелдей алмай, қазір ай сайын жалақысының жартысын несие төлеуге жұмсап отыр.

Талғат Жақсылықов, қала тұрғыны: 

Негізі басқа банктен кредит алсаң бәрін тексереді, өзі болмаса бермейді. Анда менсіз-ақ беріп қойған ғой. Онда тек ЖСН болса болды екен. Сосын өтірік ақпарат бере салады, пәлен жерде жұмыс істедім деп.. Өтірік адресті бере салады. Сонымен микрокредиттік организацияға бардым. Онда да дәлелдей алмадым. 

Ал Зәуре Қожахметова болса өзі несие алып, артынша өкінгенін айтады. Микрокредиттік ұйым туралы алғаш жарнамадан білген. Жылдам несие алып, 1 жыл төлей алмай сандалдым, - дейді.

Зәуре Қожахметова, қала тұрғыны:

Екі жүз алғам, біразға төлей алмай, қиналдым жамандай. Тез берді ғой, 5-ақ минутта берді. Көп қой негізі проценті көп. Банктағы кредитттен көп қой. Жоламау керек. Вообще жауып тастаса, бермесе ғой.

Қазір шағын және орта кәсіп иелеріне несие беруге басымдық беріледі. Микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде кепілмен берілетін несиелерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. Ал жеке тұлғалар үшін бұл көрсеткіш керісінше өсті. Бұл тұтынушылық кредитті шектеу мен халықтың қарызын азайтуға бағытталып отыр.

Батыр Ахмедиев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы:

Микрокредит алатын адамдарға кепілсіз тұтынушылық мақсатында кредит берсе, микроқаржылық ұйымның өзінің нормативтік коэфиценттің талаптары 200-ден 500 пайызға дейін өседі.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Сіздің айлығыңыз, табысыңыз 100 мың теңге болса, бұрын 50 пайызын беруші еді. Алатын ақшаңнан байлығын 2 есе болу керек. Қазір осыны 500 пайызға істеп қойды. Бұл дегеніміз сен 100 мың айлық алсаң, саған бар болғаны 20 мың ғана несие бере алады микрокредит ұйымы. Сенің табысың 5 есе көп болу керек алатын ақшаңнан.

Сарапшылар нарықтағы бұл өзгерістің кәсіпкерлер үшін тиімді екенін айтады. Яғни оларға енді несие қолжетімді бола түседі.

Ғалымжан Керімбек, сарапшы:

Микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға қарыз беруіне қарсымын. Мен неге кәсіпкерлерге, шаруақожалықтарына берсін деп отырмын. Себебі олар табыс тауып отырған азаматтар. Олар 1 теңгені 10 тг қылады. Олар ертең оны жаба алады. Бір айлыққа қарап отырған азамат, оны жаба алмайды.

Аида Ахметбек, тілші:

Статистикаға сүйенсек, кейінгі бір жылда ел тұрғындарының банк алдындағы берешегі 14 трлн теңгеге жеткен. Экономистер мұны рекордтық көрсеткішке балап отыр. Алайда, жаңа қабылданған заңға сәйкес, жағдай түзелуге тиіс деген болжам бар.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу