Ақтауда энергокомбинаттағы апатты жою жұмыстары күні-түні жалғасып жатыр. Жұмысшылар 2 ауысыммен тәулік бойы еңбек етуде. Жөндеу жұмыстарымен Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев танысты. Бүгінде нөмірі 3-энергоблоктың щетка аппараты жөнделуде.
Ал 1-энергоблоктың қазандық агрегатында жұмыстар аяқталуға жақындады. Ол жерде оң жақ тұзды бөліктің учаскелері мен 9 метрге жуық құбыр ауыстырылған. Айта кетейік, МАЭК-те екі бірдей энергоблоктың істен шығуына байланысты, аймақта электр энергиясы шектеумен беріліп жатыр. Бұған дейін комбинат 545 мегават ток өндірсе, қазір тек 245 мегават ток шығаруда.
Аягөз Оралбайқызы