Қазақстан үкіметі Башқұртстандық компаниямен құны 716 млн доллар болатын екі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Башқұртстанның үкіметтік делегациясымен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. «Қазақстан Үкіметі башқұрт кәсіпкерлеріне инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайын», - деді Әлихан Смайылов.
Премьер Башқұртстан кәсіпкерлерін алдағы күзде Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мен Астанада өтетін көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Тараптар сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылады.
Данияр Қайыртай