Астанада әпкесінен теперіш көрген кішкентай қыздың отбасымен психологтар жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әпкесінен теперіш көрген кішкентай қыздың отбасымен психологтар жұмыс істейді

16.08.2023

Астанада әпкесінен теперіш көрген кішкентай қыздың отбасымен психологтар жұмыс істейді. Мұны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сондай ақ ол балаға қол көтерген бойжеткенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілгенін жазды. Оқиғаның мән-жайын да ашып жеткізген. «17 жастағы қыз ағасына қонаққа келген. Таңертең оған баланы балабақшаға апарып келуді тапсырған. Кішкентай қыз барғысы келмей жылайды, содан бойжеткен немере сіңлісіне қол көтерген» деп жазды Динара Зәкиева.

Еске салайық, Астанадағы тұрғынүй кешенінің ауласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Онда бойжеткен кішкентай қызды аяусыз ұрып, тепкінің астына алады.

Ал Алматыда үш баланы пәтерде қараусыз қалдырған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Полицияның хабарлауынша, 41 жастағы азаматшаның отбасы арнайы есепте тұрған. Кезекті тексеріс кезінде орган қызметкерлері әйелдің мас екенін анықтайды. Ал кішкентай сәбилер қараусыз қалған. Олар балаларды қолдау орталығына жеткізілді.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу