Елімізде 60 мың адам өзін «банкрот» деп тану үшін өтініш берген. Олардың жалпы қарыз көлемі 110 миллиард теңгеден асады. Көпшілігі кәсіпкерлер мен шағын несие алған азаматтар. Бірақ мемлекет олардың барлығын «банкрот» деп танып жатқан жоқ. Басым бөлігінің, яғни 83 пайызының өтініші мақұлданбаған. Негізгі себеп несие тарихының талаптарға сай болмауы. Яғни көбінің қарызды төлемеу мерзімі бір жылға жетпейді.
Досжан Маратұлы