Елде АИ-95 бензині жетіспей жатыр. Тапшылық әсіресе Алматы мен Астанада байқалады. Десе де Энергетика министрлігінің өкілдері тапшылық жоқ деп отыр. Ал кей өңірлердегі жетіспеушілікке жанармай тасымалының кешігуі себеп дейді. Бензин бір-екі күнде жеткізілмек. Олардың сөзінше, қазір Аи-92-нің 19, ал Аи-95-тің 16 күнге жететін қоры бар. Ол үнемі толықтырылып отырады.
Досжан Маратұлы