Президент Сауд Арабиясының ауыл шаруашылығы министрі АбдулРахман әл-Фадлиді қабылдады. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ынтымақ мәселелері және ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы байланыс көкжиегі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жиддаға сапарым барысында Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездестім. Кездесуде біз екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық пен қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы келісімге келдік. Біздің өзара уағдаластықтарымыз қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және дәйекті түрде орындалып келеді.
Абдулрахман Әл-Фадли, Сауд Арабиясы Корольдігінің АШ, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі :
Өзіңізге мәлім, азық-түлік қауіпсіздігі – бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Қазақстан бұл бағытта негізгі рөл атқарады деп санаймыз, – деді Абдулрахман әл-Фадли.