Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы 13 мың метр құбыр ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы 13 мың метр құбыр ұрлаған

18.08.2023

Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адаммен сөз байласып, 13 мың метрден астам су құбырын ұрлаған. Мүліктің құны 288 млн теңгеден асады. Құбыр әуежай маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу