Канадада алапат орман өрті әлі күнге дес бермей жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, күллі ел аумағында мыңнан аса өрт тіркелген. Елдің солтүстік-батыс аумақтарында төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жау елді мекендерге жақындап қалған. Йеллоунайф қаласының 20 мыңдай тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Ғалымдардың зерттеуінше, осыншама көп орман өртінің шығуына аптап ыстық пен қуаңшылық себеп.
Арай Төлегенқызы