Әйгілі Панама каналынан 200-дей кеме өте алмай тұр. Олардың кептеліп қалуына, соңғы бір ғасырда болмаған су тапшылығы себеп болып отыр. Британияның «Файниэншл таймс» газетінің хабарлауынша, осы жол маңында кезек күткен бірталай танкер суда тұрып қалған. Қазір Панама каналы арқылы күніне небары 32 кеме өте алады. Ал ауыр жүк тиелген су көліктерінің Панама арқылы жүзуіне тыйым салынып отыр. Кейбір сарапшылардың ойынша, бұл проблема салдарынан Америка континенттерінде тауар бағасы өсіп, оның әсері дүниежүзілік саудаға да тиюі мүмкін.
Арыстан Рысбек