«Аңсаған сәби» бағдарламасының квотасына сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аңсаған сәби» бағдарламасының квотасына сұраныс жоғары

21.08.2023

Маңғыстауда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша берілген 286 квота жетпей қалды. Әлі 200-дей әйел кезек күтуде. Статитикалық мәліметкетке сүйенсек, өңірде бедеулікпен тіркелген 1500 отбасы бар.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауында Үкіметке «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуды, квотаны 7 есе арттыруды тапсырған еді. Содан бері 4,5 мыңнан аса сәби дүниеге келген. Соның 92-сі Маңғыстауда туды. Бұл туралы Ақтауда өткен «Отбасы денсаулығы - Қазақстанның болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Шарада еліміздің гинекология саласындағы мамандары мен Ресейлік ғалымдар жасанды ұрықтандыруға және ауыр жағдайдағы ана мен баланы құтқаруға қатысты озық тәжірибелерін ортаға салды. Жергілікті мамандардардың сөзінше, биыл аймақта нәресте өлімі азайып, көрсеткіш 86%-дан 59%-ға төмендеген.

Жапырақ Епенова, Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры:

Бірден екі немесе үш ем салғысы келеді. Ондай бүгінгі таңда маңызды емес екенін, 1 ғана ұрық салған асқынуларды азайтатындығына көңіл бөлді. Оның бәрін біз болашақ аналарға «Аңсаған сәби» бағдарламасымен жібергенде осыны түсіндіріп айтуымыз керек.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу