Түркістан облысы Отырар ауданында суға батып кеткен 11 адамның 3-і іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар 8 адамның денесін судан шығарды. Алтауы бала.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Қайғылы жағдай кеше кешкі 17:00 шамасында Сырдария өзенінің жағалауында болған. Ызакөл елдімекеніде тұратын ағайынды төрт отбасының 20 мүшесі судың жағасына шомылуға келген. Алайда суға шомылу барысында 5 ересек адам мен 6 жасөспірім батып кеткен. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайдың орын алуына кішкентай баланың суға батып кетуі себеп болған.
Әділхан Аманов, Көксарай ауылының тұрғыны:
Біз арғы бетте жүрген кезде ол кісілер шомылып жатыр екен. Сонымен бір әйел адамның даусы шықты. Айқайлады. Соны естіп келдік жүгіріп. Кішкентай бала ағып кеткен ғой, соған мамасы түскен. Артынан құтқарамын деп бәрі түскен.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Қазір оқиға орнында үш адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар таңғы 06:00-ден бері жүргізіліп жатыр. Оған 11 сүңгуір мен жүзу қайығы, 18 техника, Төтенше жағдайлар қызметі мен Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті ауыл тұрғындарынан 150ге жуық адам тартылған.